Оның айтуынша, олар әріптестерімен бірге еліміздің басты оқиғасын ғана емес, оның қарсаңында атқарылған үлкен және ауыр жұмысты да көрді.  

«Біз сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдардың ҚР Негізгі Заңына өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық дауыс беруді өткізуге дайындық жұмыстарының куәсі болдық. Үлкен жұмыс атқарылды, референдумға қатысушылардың тізімі жасалды, дауыс беруге арналған пункттер дайындалды, халықты ақпараттандыру бойынша БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру жүргізілді, Қазақстан халқы өз таңдауын жасап, елдің болашақ тағдырын айқындауы үшін белгілі тұлғалар, мемлекеттік органдардың басшылары, әртістер референдумға қатысуға үндеп, сөз сөйледі. Біз бірнеше сайлау учаскесінде болдық, онда байқаушылар, сайлаушылар және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін барлық жағдай жасалғанын ерекше атап өту керек. Барлық сайлау учаскелерінде пандустар орнатылып, арнайы кабиналар жасалған. Референдумға қатысушылардың белсенділігі өте жоғары», - деп атап өтті сарапшы.