«Алдағы уақытта жұмыссыздық мәселесі, әсіресе жастар арасында шешілуі керек. Бұған қатысты жоспар да, нақты қадамдар да бар. Әйелдер ісі жөніндегі отабсылық комиссия тарапынан да үлкен жұмыс атқарылуда. Аналармен жұмыс, отбасы институтын күшейту, қоғамда әкелердің беделін арттыру секілді шаралар көп. Меніңше, бұл жеткіліксіз. Қазіргі уақытта халқымыз ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттың тілі, рухани дүниесі деген мәселені алға шығаруы керек. Оны әрбір адам, отбасы өзінің бірінші жауапкершілігіне алуы керек. Әйелдердің билікке келуі немесе олардың бизнеспен айналысуы туралы да көп айтылып жүр. Бұл орайда Қазақстан әйелдерінің жетістіктері бар, перспективалары да жоқ емес. Соған қарамастан қазір жастарды, әйелдерді, аналарды бала тәрбиесімен айналысуға шақырамыз. Өйтені, халқымызға, елімізге қызмет ететін ұлтжанды, осы мемлекеттің негізін құрайтын жастарымыз ұлттық тәрбиеден қанып ішуі керек. Бұл алдымен аналардың, әкелердің міндеті», - деді Сенат депутаты.