«Конституциялық сот туралы өзгерістерге тоқталсақ, бұл сот негізінде адам құқықтарының бұзушылығы, заңнамадағы негізі көрсетілген нормалардың кемшіліктері болған жағдайда Конституциялық сот осы сұрақтарды азаматтардың өтінішімен, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және бас прокурордың өтінімімен қарай алады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің негізгі мақсаты - адам құқықтарының, бостандықтарының бұзылуына байланысты осы құқықтарды қалпына келтіру және осы құқықтарды ілгерілетуге ықпал ету. Сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі уәкіл осындай жұмысты атқарған кезде мемлекеттік органдардан тәуелсіз болуы керек. Осы орайда «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» конституциялық заң қабылданады және ауыр қылмыс жасалған жағдайда немесе қылмыс жасалған орында қалыптасқан басқа сұрақтарға байланысты қылмыстық-процесуалдық іс шаралар қабылдау үшін Сенаттың ғана келісімі жеткілікті. Бұл адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бостандығын қамтамасыз етеді», - деді спикер.