«Бүгін түрлі органдар, ең алдымен, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы жүргізген аса маңызды ауқымды жұмыстың соңғы күні деп есептеуге болады. Бақылаушылар республиканың бірқатар өңірлерінде болып, референдум өткізуге әзірлікпен танысты. Мен бүгін Нұр-Сұлтанның 6 дауыс беру учаскесінде болдым, кеше Ақмола ауданына бардым. Маған осындай маңызды саяси оқиғаны өткізуге дайындық бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды. Алдын ала жасаған қорытындыларым – Қазақстан дауыс беруге толықтай дайын болды. ТМД бақылаушылары миссиясының референдум өткізуге дайындықтың техникалық жағына да, қолданыстағы заңнаманы бұзуға да қатысты елеулі ескертпелері жоқ. Барлығы Қазақстан заңнамасы, процестің ашықтығы мен демократиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық нормалар аясында жасалды», - деді ТМД Бақылаушылар миссиясының басшысы өз пікірімен бөлісе отырып.

Миссия өз жұмысын Қазақстан Республикасының сайлау және референдум өткізу заңнамасына сәйкес саяси бейтараптық және Достастық шеңберінде қабылданған бірқатар құжаттар негізінде Қазақстанның ішкі істеріне араласпау негізінде жүргізеді. Бұл миссияның барлық қатысушылары қатаң сақтайтын ереже.