«Соңғы мәліметтер бойынша, халықтың 53,4% дауыс берді. Бұл алдын ала дайындық жұмысының нәтижесі. Дауыс беру учаскелері алдын ала қамтылған, қолжетімді. Бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Таңертеңнен бері халықтың легі де толастар емес. Референдумға дейін қосымшалар, сайттар, әлеуметтік желілер, смс арқылы халық өз учаскелерін анықтап білді. Бұл үлкен жетістік. Себебі, бұл да азаматтық белсенділіктің бір көрінісі. Таңертең сағат 10.00 кезінде дауыс берушілер саны 28,4%, 12.00-де 48,3% құрады, яғни сайлаушылардың жартысының дауыс беруі – үлкен саяси мәдениеттің белгісі. Бұл халықтың бірлігін көрсетті, елімізде болып жатқан тарихи сәтте шешім қабылдауға қатысып, бейжай қарамайтындықтарын танытып жатқаны қуантады. Дауыс беру учаскелері сегізге дейін ашық. Бүгінде өңірлер бойынша көрсеткіштер әртүрлі. Дегенмен, халық дауыс беруге өте белсенді қатысуда», - деді ҚСЗИ өкілі.