«Біз референдумның өту барысын бақылаған учаскелерде барлығы ұйымдасқан түрде және тыныш өтті. Белсенділік өте жоғары болды. Сағат 10.00-де учаске басшылары хабарлағанындай, дауыс берушілердің шамамен 10-12%-ы белсенді қатысты. Адамдардың лек-легімен келіп жатқанын байқадық. Олардың көбі жастар екені қуантады. Бұл Қазақстан жастары өз болашағына немқұрайлы қарамайтындықтарының белгісі. Олар шешім қабылдауға белсенді қатысуда. Референдум комиссиясының мүшелері әрбір мәселеге жоғары кәсіби тұрғыдан қарады, барлық сұрақтарға жауап берді, халықтың конституциялық құқығын пайдалануына жағдайлар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Заң талаптарына сай келетін шарттар сақталды. Қалада ғана емес, облыста да бірдей жағдай жасалғаны қуантады: жабдықтар да, ақпараттық материалдар да бар. Референдум ұйымдастырушыларының кәсіпқойлығын атап өткім келеді», - деп атап өтті халықаралық бақылаушы.