Қалың қара түтін жеке үйдің ауласында орналасқан ғимараттан шығып жатыр екен. Абылайхан мен Талғат дуалдан секіріп түсіп, жанып жатқан ғимараттан бір қарт адамды алып шықты. Әскери қызметшілер зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, медициналық және өрт сөндіру бригадаларын шақырды.
Өрт жапсарлас құрылыстан тұрғын үйге көшуі мүмкін деп қауіптенген ефрейторлар Омаров пен Әбжанов өртті сөндіре бастады. Оларға ТЖД қызметкерлері көмекке келді.
Зардап шеккен азамат Л., 1963 жылы туған. Ол екінші және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі күйік алып, №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
- Біздің орнымызда кім болса да осылай істейтін еді, - дейді өрт сөндіруші достар сыпайылық танытып. – Медициналық дайындық сабақтарында бізді өрт кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге үйретеді. Бірақ біз алған біліміміз өмірде кәдеге жарайдды деп ешқашан ойламаппыз.
Өрт сөндіруде және адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі үшін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен әскери қызметшілер «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен марапатталды.