Ол Орталық комиссияның және Қазақстан СІМ ресми тұлғаларымен жоғары деңгейде өткен бірқатар кездесулерді атап өтті.   

«Ислам ынтымақтастығы ұйымының миссиясы дауыс беру учаскелеріне жұмыс басталғанға дейін бір жарым сағат бұрын келді. Учаске персоналының тиісті жұмыс үшін қажетті тәжірибесі мен біліктілігі бар. Ұйым еріктілердің жұмысын және дауыс беру процесіне араласпай жергілікті жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметті жоғары бағалайды. Миссия Орталық комиссияның референдумдағы дауыс беру процесін ұйымдастырудағы күш-жігерін, сондай-ақ маңызды шараны кәсіби түрде көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуына жоғары баға берді. БАҚ-тың рөлі демократия мен демократиялық процестерді қолдау екенін білеміз», - деді спикер.