«Референдум жақсы ұйымдастырылды деп ойлаймыз. Дауыс беру процесі реттелген және тыныш. Біз референдумға деген құлшыныс пен белсенді көзқарасқа таң қалдық. Мұны келушілердің көптігінен байқауға болады. Ешқандай оқыс оқиғалар, заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Бұл туралы ешқандай шағым немесе сұрау келіп түскен жоқ. Қазір жұмыс жүріп жатыр, адамдар дауыс беруде. Миссиямыздың барлық мүшелері өз өкілеттіктері мен міндеттерін орындауды жалғастырады. Біз өз миссиямызды қатаң орындаймыз және Қазақстанның болашағы мен оның халқының бақытына қолымыздан келгенше үлес қосамыз. Учаскелерде комиссия мүшелері де, қоғамдық бақылаушылар да өз жұмыстарын қатаң атқаратынын ерекше атап өткім келеді. Олар байсалды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өз жұмысына деген жауапкершілігі үшін оларға құрмет білдіргім келеді», - деді спикер процестің қыр-сырына тоқтала келе.  


Сөз соңында ШЫҰ Бас хатшысы Қазақстан халқына жарқын болашақ пен бақ-береке тіледі.