Спикер әріптестерімен бірге 30-дан астам сайлау учаскесіне барды. Бүгінгі күні өте белсенді өтті. 


«Алғашқы әсер туралы айтар болсам - бұл өте маңызды және учаскелерде сезілетін нәрсе - әр түрлі деңгейдегі комиссиялардың барлық мүшелері дайындық процесіне жауапкершілікпен қарады. Біздің жолымыз болды, біз барған учаскелерде біреу 5 жыл бойы комиссия төрағасы болып жұмыс істеген екен, басқасы 15 жыл. Олар өз учаскелеріне бекітілген тұрғындарды таниды. Қазақстандағы сайлау учаскелері үлкен екенін атап өткім келеді. Біз көбінесе өз тәжірибемізбен салыстырамыз. Мұнда 4000-4500 сайлаушы тіркелген жерлер бар. Жалғыз даулы мәселе (біз осындай екі жағдайдың куәсі болдық) -сайлаушылар көбейген кезде оларды басқа жерге бөлу. Адамдар бейтаныс жерге баруға мәжбүр болғанына наразы болды.  Сонымен қатар комиссия мүшелері жауапкершілікпен, кәсіби әрекет етеді, олар бәрін түсіндіреді, тиісті жұмыстар жүргізеді, адамдарға базада тіркелген учаскені анықтауға көмектеседі, бағыт береді. Мұның барлығы швейцарлық сағат сияқты жұмыс істейді: іркіліссіз және қосымша сұрақтарсыз», - деп атап өтті халықаралық бақылаушы.