«Осы сәтте анықталған дауыс беру нәтижелеріне әсер етуі мүмкін бұзушылықтар жоқ. Бұл ретте әлеуметтік желілерде дауыс беруге арналған учаскелерде ықтимал бұзушылықтардың болғаны туралы әртүрлі хабарламалар таратылуда. Тексеру кезінде олардың көпшілігі расталмады. Кейбіреулері бойынша әлі де тексерулер жүргізілуде. Бүгін прокуратура органдарына азаматтардан алты өтініш келіп түсті, олардың біреуі бас прокуратураға екеуден ШҚО және БҚО прокуратуларына және біреуі Ақтөбе олыстық прокуратурасына. Олардың барлығы ауматық референдум комиссиялары мен өкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты болды, сол себепті осы органдарға жолданды», - деді ҚР БП өкілі.