Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында референдумға қатысып, дауыс бергенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін тарихи күн. Ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда дауыс бердім. Осылайша азаматтық парызымды орындап, еліміздің одан әрі дамуы үшін өз дауысымды бердім.

Бүгін сайлау учаскелерінде жұмыс істейтіндердің бәріне алғыс білдіремін», - деп жазды елорда әкімі.

Сайлау учаскесіне таңғы сағат 7-де алғашқылардың бірі болып Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әйелімен бірге келді. Олар Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде орналасқан №358 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Бүгін біздің мемлекетіміз үшін және оның азаматы ретінде мен үшін өте маңызды күн Бүгін еліміз өзінің болашағын айқындайды. Мен сайлау учаскесіне азамат ретінде еліміздің болашағы, мемлекеттің бейбітшілігі мен гүлденуі, Алматы мен қала тұрғындарының  бірлік, берекесі үшін дауыс беруге келдім", - деді Ерболат Досаев.

Алматыда таңғы сағат 7-де 574 сайлау учаскелері ашылды. 1 миллионнан астам қала тұрғындарының дауыс беру құқығы бар.

Еске салсақ, референдумға "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?"деген сұрақ қойылды.

Павлодар облысының аумағындағы барлық 528 сайлау учаскелері өз жұмысын таңғы сағат жетіден бастады. Аймақ басшысы С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап кітапханада орналасқан №15 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Облыс әкімі республикалық референдум - ел тарихындағы маңызды оқиға екенін атап өтті. Ол жоғары азаматтық позициясымен танымал Ертіс өңірінің тұрғындары жалпыхалықтық дауыс беруге белсенді қатысатынына сенім білдірді.

- Бүгін еліміздің саяси тарихында ерекше оқиға өтіп жатыр, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер еліміз үшін аса маңызды. Тарихшылар мен болашақ ұрпақ мемлекетіміздің басты заңына енгізілген түзетулерге оң бағасын береді деп ойлаймын.

Облыс орталығының он сегіз жасар тұрғыны Ілияс Ибрагимов дауыс беруге алғаш рет қатысып отыр.

- Мен Павлодар экономикалық колледжінде «Маркетолог» мамандығына оқып жатырмын, - деді Ілияс Ибрагимов. - Отанымыздың азаматы ретінде республикалық референдумге қатысуды өзімнің парызым деп санаймын.

Учаскелік комиссияның төрағасы Ғалым Шаймарданов Ілиястың өміріндегі маңызды сәтті есте қалдыру үшін оған фотосурет салатын жиектеме сыйлады.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов референдумда дауыс берді

Аймақ басшысы атыраулықтармен бірге Конституциялық реформаға байланысты өтіп жатқан республикалық референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер академиясында орналасқан №8 сайлау учаскесінде дауыс берді.

— Бүгінгі күн ұрпақ алдындағы парызымызды өтеп жатырмыз. Бүгін қандай іргетас қалаймыз, бүкіл ел тағдыры әрі қарай солай қалыптасады, деді С.Шәпкенов.

Атырау облысында 261 референдум учаскесі бар. Олардың 11-і ауруханалар, және әскери бөлімшелердегі сайлау учаскелері мен т.б. жерлерде орналасқан.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев №101 мектеп-лицейде орналасқан №263 референдум учаскесіне барып, дауыс берді.

Айта кетейік, аймақта 373 учаске бар. Онда 462685 дауыс беруші тіркелген.

СҚО әкімі референдумда дауыс берді Референдум күні облыс әкімі Құмар Ақсақалов сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумда дауыс берді. Аймақ басшысы Қарағандыдағы әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияда орналасқан № 42 сайлау учаскесінде дауыс берді.

– Біздің учаскеде 2674 референдум қатысушысы тіркелген. Таңғы сегізге 88 адам дауыс берді. Біріншілердің қатарында негізінен қарт адамдар мен жұмысқа барғандар болды, – деп хабарлады № 42 учаскелік комиссияның төрайымы Ләзат Ділмағамбетова.

Учаскедегі дауыс беру процесін партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары бақылайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу бойынша 777 учаске бар.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, референдумға 880 мыңнан астам қатысушы тіркелген.

Бүгін 5 маусымда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев дауыс беретін учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды, Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының барлық жерінде референдумға дауыс беру жалғасып жатыр. Аймақ басшысы 14 шағынаудандағы №1 орта мектепте орналасқан №31 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Аталған учаскіде 1628 адам тіркелген.

- Бүгін бәріміз үшін маңызды күн. Референдум елдің дамуына, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастардың жақсаруына ықпал етеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бүгінгі таңда дауыс беретін тұрғындар еліміздің қоғамдық өміріндегі үлкен өзгерістерді болжайды, адам құқықтарын алдыңғы орынға қояды. Бүгін референдумға қатысқандардың барлығы жарқын болашақ үшін дауыс береді, - деді Нұрлан Ноғаев.

Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан № 974 сайлау учаскесінде болып, референдумда дауыс берді.
Жалпы Алматы облысында 1 392 237 сайлаушы бар. Олар 1053 сайлау учаскесінде дауыс береді. Сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Референдумға 1074 комиссия тартылған, соның 21-і – аумақтық, 1053-і – учаскелік референдум комиссиялары. Оларда барлығы 7636 комиссия мүшесі бар. Сол сияқты учаскелерде бақылаушылар да жұмыс істеуде.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов  отбасымен бірге Тараз қаласындағы №53 мектепте орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып, Жалпыхалықтық Референдумға қатысып, дауыс берді.

Айта кетейік, облыс аумағында барлығы 492 сайлау учаскесі құрылған, олар барлық талаптарды сақтай отырып, таңғы сағат 07:00-ден жұмысын бастады.