«Мен толық түсінік қалыптасатындай ауылдық елді мекендерге бардым. Міндетті түрде елордадан басқа, шағын қалаларды, ауылдық елді мекендерді аралау керек. Жалпы, жағымды  картина қалыпатсты. Кейбір ерекшеліктерді айтпағанда, бірақ бұл барлық посткеңестік елдерде қалыптасқан дәстүр десе де болады. Адамдардың көбі сайлауға кішкентай балаларымен, немерелерімен бірге келеді, бірге дауыс береді, балаларды қолына алып, бюллетеньді жәшікке салады. Бірақ мұны  бұзушылық деп санамаймыз. Бұл дәстүр. Жалпы, мен Бас хатшы жасаған мәлімдемені қолдаймын. Оны кеше кешке әріптестерімізбен талқыладық. Бұл маңызды мәлімдеме және біз референдум өтті деп санаймыз. Қазақстанға және оның халқына гүлденуді тілейміз», - деп түйіндеді спикер.