Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 миллион 734 мың 642 адамды құрады.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 986 мың 293 адамды немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 68,06% құрады.

Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын немесе 6 миллион 163 мың 863 адамды құрады.

Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың саны-18,66 пайыз немесе дауыс беруге қатысқандар санының 1 миллион 490 мың 475 адамын құрайды.

Жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,58% немесе 125 мың 859 бюллетеньді құрады.

Дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмайтын және жарамсыз деп танылған белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны 2,58% - ды немесе 206 мың 096 бюллетеньді құрады.

Республикалық референдумның қорытындылары Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленетін болады.