Кездесу барысында қазақстандық дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру бойынша жүргізіп жатқан саяси реформалары, оның ішінде 2022 жылғы 5 маусымда өткен Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның алдын-ала нәтижелері жөнінде хабардар етті.

БАӘ Мемлекеттік министрі Қазақстанның Әмірліктер үшін достас мемлекет әрі Орталық Азия өңіріндегі маңызды әріптесі екенін алға тартып, қазіргі уақытта елімізде іске асып жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалайтынын атап өтті.

Кездесуде алдағы бірқатар маңызды іс-шараларға, оның ішінде үкіметаралық комиссияның және СІМаралық консультациялардың кезекті отырыстарын өткізу, сондай-ақ 2022 жылғы 12-13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК саммиті мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар биыл дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы шеңберінде бірлесіп іс-шаралар ұйымдастыру маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.