Балаларды қорғау күні ТЖД құтқару станциясында қауіпсіздік мектебі ашылды. Қонақтар болып Павлодар қаласының мектеп оқушылары және олардың ата-аналары болды.

Мектеп оқушылары бірінші күні құтқарушылар мен сүңгуірлердің кәсіби жабдықтары мен киім-кешектерімен танысты. Балаларға облыстың су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың мысалдарын айтып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері мен Қызыл Жарты Ай еріктілері суға батып бара жатқан адамды құтқару бойынша мастер-класстар өткізді.

 Сондай-ақ балалардың білімін бағалауға кері байланыс үшін Павлодар қаласы ТЖ басқармасы ұйымдастырған сайыс кезінде оқушылар зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету бойынша өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын сынап көрді. Шара соңында оқушыларға тәттілер мен сыйлықтар табысталды. 

Алдағы уақытта «Бақытты балалық шақ» қауіпсіздік мектебі 2022 жылғы шомылу маусымы бойы Павлодар қаласында сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін орталық жағалаудағы «Ertis Promenade» сахнасында ашық аспан астында жұмыс істейтін болады.

Қауіпсіздік мектебінің негізгі міндеттері балалар мен ересектерді апта сайын тегін оқыту, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету бойынша шеберліктерін көрсету, халықты өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығымен таныстыру болып табылады.