Осы кезеңде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін, жауынгерлік машиналарды ату және жүргізу қағидаларын зерделейді. Ал келісімшарт бойынша әскери қызметшілер өз білімдері мен дағдыларын жетілдіреді.

Сабаққа 27 000-нан астам маман тартылған. Оларды сапалы өткізу үшін Қарулы күштерде тиісті әдістемелік даярлығы бар тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен 2000-нан астам оқу топтары құрылды.

Оқу кезінде орталық орын практикалық сабақтарға арналған. Олар жаттығу құралдарын пайдалана отырып, оқу сыныптарында, сондай-ақ оқу полигондарында ұйымдастырылған.

Бөлімшелерде мамандық бойынша даярлау командирлер мен сержанттардың басшылығымен штаттық-лауазымдық тағайындалуына сәйкес жүргізіледі. 

Оқу аяқталғаннан кейін жеке құрам өткен пәндер бойынша сынақтар мен емтихандар тапсырады. Сабақтар ағымдағы жылдың 8 шілдесіне дейін жалғасады.