«Қазақстан Парламентінің Сенаты қоғам белсенділерімен және сарапшылармен қарқынды әрі сындарлы жұмыс жүргізуге дайын. Біздің Палата жанында азаматтық қоғаммен, оның ішінде өңірлермен өзара іс-қимыл жасау жөнінде бірқатар алаңдар құрылды. Сенаторлар алдағы кезеңде бұл істі «Өңір» тобы, Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес, Жас сарапшылар клубы және басқа да құрылымдар аясында жалғастыратын болады», - деді Төраға орынбасары.

Кездесуге қатысушылар Парламент Сенатының заң шығару қызметі аясындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін қозғады және осы жұмысты жалғастыруға әзірлігін білдірді.

Шараға Парламентаризмді дамыту жөніндегі қоғамдық қордың президенті Зәуреш Батталова, «Kazbrands» қоғамдық қорының президенті Жаңыл-бике Қайкенова және Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева қатысты.