"Қоғамдық жұмыстар" бағыты бойынша ұлттық жобаға демалыс уақытында жұмыссыздар, студенттер және жоғары сынып оқушылары (16 жастан бастап), сондай-ақ кәсіпорынның бос тұрып қалуына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысуға құқылы. Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды. Осы мерзім өткеннен кейін жобаға қатысушылар бос жұмыс орны болған жағдайда тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстармен қамтылғандардың еңбегіне ай сайын кемінде 25 АЕК мөлшерінде ақы төлейді.

Жұмысқа орналасу үшін не қажет:

- оқу орнынан анықтама;

- ата-аналардың жазбаша келісімі (егер 18 жасқа толмаған болса);

- жеке куәлік;

- 20 таңбалы банктік шот.

Толық ақпаратты 996-394, 996-397, 8-775-644-35-80 (WhatsApp) телефондары арқылы алуға болады.

@czn_karaganda