Тараптар Қазақстан аумағында машина жасау саласында іске асырылып жатқан және перспективалық жобалардың ағымдағы мәселелерін талқылады. Э.Делеони «Alstom» компаниясының еліміздегі жаңа жоспарлары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде М.Тілеуберді Үкіметтің компанияның инвестициялық жобаларына қажетті қолдау көрсетуге және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екенін атап өтті.