Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы еңбек жолын 1989 жылы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Киров атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. Әр жылдарда Ш.Уәлиханов атындағы мектепте, Ескелді аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман, "Nur Otan" партиясының Алматы облыстық филиалында саяси жұмыстар, қоғамдық-саяси жұмыстар, ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімдерінің меңгерушісі, "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Бүгінге дейін "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы болды.
Еске салсақ, алғашқы сессия барысында депутаттар Жетісу облысы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру, олардың құрамын бекіту, сол сияқты мәслихат аппаратының регламентін, құрылымын және штат кестесін бекіту мәселелерін талқылады.
Атап өтсек, сайлаушылар санын ескере отырып, Жетісу облыстық мәслихатына 19 депутат енгізілді.