«Ірі, жаңа модельдерге көшу идеясы - президенттің өкілдіктерінің қысқаруы, парламенттің жаңа құрылу моделі, құқық  қорғау институттарының күшеюі. Мысалы, Президенттің облыс әкімдерін тағайындау өкілдігі. Бұдан былай облыс әкімдері тікелей емес, маслихат депутаттарымен келісе отырып, тағайындалатын  болады. Тиісті норма кеше, 8 маусымда күшіне енді. Маслихаттармен келісу процедурасы қалай өткізілетіні туралы Жарлық жарияланды. Үш облыс әкімі жаңа рәсімдер бойынша тағайындалады. Маслихаттар құрылды. Олардың хатшылары тағайындалуда», - деді спикер.