Оның айтуынша, елімізде жаңа заң қабылдау тәртібі енгізіледі. Яғни, Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды. Бұл нормалар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 61-бапқа сәйкес ол конституциялық заң жобаларын да, жай заң жобаларын да қабылдау рәсіміне қатысты болады.
«Лауазымды адамдарға өкілеттіктер беруді белгілейтін ҚР Конституциясының нормалары – егер ҚР конституциясында басқасы көзделмесе, осы лауазымды адамдар өкілеттігі мерзімінің аяқталуына немесе өкілеттіктерінің толық тоқтауына қарай қолданысқа енгізіледі. Мысалы, Сенаттағы Президент тағайындайтын 15 депутат мерзімі аяқталғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайтын болады. Сондай-ақ Конституциялық сот пен Жоғары аудиторлық палата нормаларына келетін болсақ, Конституцияға өзгерістер енгізілген заңда қарастырылғандай, Конституциялық сот пен Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін. Сондықтан осы органдар құрылғанға дейін Конституциялық кеңес пен Есеп комитеті өз жұмысын жалғастырады», - деді ведомство өкілі.