Оның айтуынша, Президенттікке ұсынылатын кандидаттар қойылатын талаптар бойынша ұсынылып отырған заң жобасында ешқандай өзгерістер жоқ. 

«Президенттікке үміткерлерге қойылатын мемлекеттік қызметте жұмыс істеуінің бес жылдық өтілінің болу талабы сақталады. Неге? Өйткені Преезидент - дәреже бойынша ең жоғары мелекеттік қызмет атқаратын тұлға. Сондықтан, оның мемлекеттік қызметте, жүйе жұмыс істеу тәжірибесі, көзқарасы болуы керек. Президенттікке кандидаттар саяси партияның атынан ғана емес, өзін-өзі ұсыну арқылы да сайлауға қатыса  алады. Оның партияға мүше болуы міндетті емес», - деді вице-министр.