Жиынға саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мен ҚҚДИ сарапшылары қатысты.
Спикерлер елімізде өткен Республикалық референдум қорытындысы бойынша сөз қозғап, жаңартылған Конституцияны іске асырудың маңыздылығын талқылады.
Іс-шара ҚҚДИ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Самат Нұртазаның модераторлығымен өтті. Ол өз сөзінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.
Спикердің айтуынша, азаматтар Мемлекет басшысының бастамасын қолдады. Республикалық референдумның қорытындылары Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленді. Халықаралық байқаушылар дауыс берудің жоғары деңгейде өткендігін, сондай-ақ конституциялық реформа қоғамда қызу талқыға түскендігін атап өтті. Сайлау құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берді. Қатысу 68,05 пайызды құрады.