Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекеттік дамудың жаңа кезеңі: Әділетті Қазақстан құру» тақырыбында сараптамалық дөңгелек үстел барысында саясаттанушы Руслан Ақмағанбетов мәлім етті. Оның айтуынша, демократияның мазмұны талап қана емес, қолдау мен жауапкершілік те. «Алдағы уақытта жалпы саяси мәдениет осы бағытта дамитын болады. Себебі қандай факторлар? Ауыл әкімдерін сайлау өтті, 2024 жылы аудан әкімдерін сайлаймыз, жанама жолмен облыс әкімдері сайланады. Орталықсыздандыру арқылы азаматтарға өзі қалаған адамды, депутатты сайлау мүмккіндігі беріледі. Осы арқылы саяси қатысудан бөлек, саяси жауапкершілік институты, саяси мәдениет арта бастайды»,- деді спикер. Сондай-ақ, саясаттанушы Конституциялық соттың құрылуы Конституцияға сай келмеген кейбір заңнамаларды қайтарып алу және басқа да функцияларға ие болатынын атап өтті.