«Жаңа Қазақстанды құру бір күндік процес емес, ол кешенді жоспарды қамтитын ауқымды іс-шаралар. Қоғам бір күнде жаңарып, рефрендумнан кейін өзгеріп кетпейді. Азаматтардың белсенділік танытып, рефрендумға баруы, олардың Президентке деген сенімінің белгісі. Олар болашақтан үміт күтеді, және сол өзгерістердің болуына мүдделі болғандықтан өздерінің азаматтық позициясын білдірді. Жалпы реформалардың басты мақсаты - жаңа саяси мәднитті қалыптастырып, саяси белсенділігі жоғары азаматтық қоғам құру. Әділетті қоғамның негізгі принципі де сол. Әр азамат өзінің еркін білдіре алатындай өзінің заңнамалық тұрғыдан қорғалғанын сезінетін қоғам орнату»,- деді спикер.