Оның айтуынша, пилоттық жоба нарықтағы заңсыз әрекеттерге қарсы тұруға бағытталған. Бұл саланы сауықтыруға және жосықсыз бәсекелестікті жоюға арналған мемлекет пен бизнестің бірлескен саясаты.
«Пилоттық жобада ҚҚС қайтаруды екі жолмен жүзеге асыру қарастырылған. Біріншісі камералдық бақылау жүргізбестен 15 жұмыс күні ішінде. Бұл ретте бюджеттен қайтарып алуға ұсынылған салық сомасына банк кепілдігі болуы қажет. Екінші жолы - Мемлекеттік кіріс органдары жүргізетін камералдық бақылаудан кейін күнтізбелік 100 күн ішінде. Бұл ретте банк кепілдігі талап етілмейді.
Сондай-ақ, егер қатысушылардың салықтық айырмашылықтары анықталса, аталған кезеңде оның бұл бұзушылықтарды өз бетінше жоюға құқығы бар, содан кейін мәлімделген және расталған ҚҚС сомасы осы кезеңде қайтарылады. Айта кетейін, пилоттық жобада ешқандай айыппұл санкциялары қолданылмайды. Мұнда салық төлеушіге және оның жеткізушілеріне салық заңнамасының бұзушылықтарын жоюға және қосымша салық есептілігін ұсынуға, сол арқылы осы сәйкессіздіктерді жоюға мүмкіндік беру қағидаты қолданылады. Пилоттық жобаның мәні жеткізілім байланыстарын азайту үшін жосықсыз жеткізушілер тізбегін, яғни әр түрлі тиімсіз шығындарды қысқарту болып табылады. Ол үшін «Атамекен» ҰКП базасында ақпараттық ресурс жасалды. Онда салықтық бұзушылықтар туралы мәліметтер ұсынылған.
Бұл мәміле жасағанға дейін оңтайлы жеткізушіні таңдауға мүмкіндік береді, яғни егер жеткізушінің салық есептілігінде қандай да бір айырмашылықтар болса, ол сайтта көрініп тұрады. Жеткізуші өзінің беделіне нұқсан келтірмеуге, осы «сұр» тізімге енбеуге тырысады. Мәмілелер жасалғаннан кейін барлық қатысушылар жеткізушілерден бұзушылықтардың бар екендігі туралы ақпарат алады, олар барлық сатып алушыларды немесе жеткізушілерді хабардар ету үшін осы ақпаратты жария етуге келісті. Оларда бұл бұзушылықты жедел жоюға мүмкіндік алды», - деді спикер.
Бұзушылықтар толық жойылғанға дейін ақпарат «Атамекен» ҰКП сайтында болады.