Президенттің Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ал оның алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Ұлытау өңірінің барлық деңгейдегі мәслихаттарының отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына барды.

Мұрат Нұртілеу депутаттарға Елбасының Ұлытау облысының әкімі лауазымына екі кандидатты – Әбдіғалиұлы Берік пен Шайдаров Серік Жаманқұлұлын қарауға ұсыну туралы хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 64 депутаттың 51-і Берік Әбдіғалиұлының кандидатурасын қолдап, 13-і Серік Шайдаровты қолдап дауыс берді