Президенттің Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының келесі Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Ертеректе Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қонаев қаласына барып, Алматы облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты.

Әлихан Смайылов депутаттарға ҚР Президентінің Алматы облысының әкімі лауазымына Батыржан Байжұманов пен Марат Сұлтанғазиевтің кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 188 депутаттың 129-ы Марат Сұлтанғазиевтің кандидатурасына, 59 депутат Батыржан Байжұмановқа дауыс берді.