Үкімет басшысы депутаттарға ҚР Президентінің Жетісу облысының әкімі лауазымына Бейбіт Исабаев пен Бағдат Қарасаевтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Ашық дауыс беруге 141 депутат қатысты. 106 депутат Бейбіт Исабаевтың кандидатурасына, 35 депутат Бағдат Қарасаевқа дауыс берді.

 

Жарлық

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
 
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым
№ 921