Оның сөзінше, елдің әкімшілік-аумақтық құрылымындағы осы өзгерістер әлеуметтік-экономикалық дамудағы теңгерімсіздікті төмендету және өңірлердің аумақтық байланысын қамтамасыз ету негізіне бағытталған жаңа өңірлік саясаттың басымдықтарына толық сәйкес келеді.


«Семей, Жезқазған және Қонаев қалалары облыс орталықтары мәртебесін қайтарумен дамуға жаңа серпін алады, таланттар мен мәдени алмасуларды, білікті еңбек ресурстарын, экономикалық, қаржы-инвестициялық және сауда ағындарын тарту орталықтары ретінде өзінің тартымдылығын арттырады. Бүгінде бұл қалаларда инфрақұрылымның тозуына, жолдардың сапасына, көлік жүйесінің жай-күйіне байланысты проблемалар бар. Жаңа мәртебе осы қалаларға инвестициялар ағынын ұлғайтады және аумақтық-әкімшілік бөліністің неғұрлым ұтымды есебінен жергілікті проблемаларды неғұрлым тиімді шешуге мүмкіндік береді. Жалпы, Мемлекет басшысының бұл реформасы өңірлерде жинақталған проблемаларды кешенді шешуге және олардың одан әрі дамуының кедергілерін жоюға бағытталған. Мемлекет басшысының жаңа облыстарды құру жөніндегі бастамасы халық, жұртшылық, қаралып отырған өңірлердің аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттары арасында қолдау тапты. Осылайша, жаңа облыстарды құру және тарихи атауларды қайтару ұлттық сана-сезімді нығайта түседі»,- деді спикер.