Кездесу барысында Конституциялық Кеңес Төрағасы мейманды Конституциялық Кеңес қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы хабардар етті.

Төраға азаматтардың, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Бас Прокурордың жүгіну құқығымен Республиканың Конституциялық Сотының құрылатынын ерекше атап өтті. Бұл Қазақстанды демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде одан әрі бекітуде алға қарай жасалған үлкен қадам, деді Қ. Мәми.

Лорд Манс АХҚО Сотының қызметі және оның құқық үстемдігін бекіту саласындағы жобалары туралы айтып берді.

Кездесуге АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов және АХҚО Сотының және халықаралық төрелік орталығының (ХТО) тіркеушісі әрі аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт қатысты.

Тараптар құқықтық саладағы өзара іс-қимылдың жалпы мәселелерін талқылап, бірлескен ынтымақтастықтың табысты жалғасатынына сенім білдірді.