«Ақтөбе облысының үлкен көлік торабы және көлік хабы ретінде дамуға әлеуеті зор. Егер де 2011-2018 жылдары, яғни 8 жыл ішінде жолдарды жөндеуге 36 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалып, жергілікті жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 11%-ке артса, соңғы 3 жылда шамамен дәл осындай көлемде қаражат бөлініп (36,7 млрд тг астам), жақсы жағдайдағы жолдар үлесін 13,7% ұлғайта алдық. Біріншіден, бұл мәселе Үкіметтің қолдауымен республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың арқасында, оған қоса дәл сондай көлемде паритеттік негізде жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Ал осы жылы барлық кезеңмен салыстырғандағы ең ауқымды қаржы – 34 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде, 20 млрд теңгеге жуығы жергілікті жолдарды жөндеуге, ал 14 теңгесі көшелерді жөндеуге жұмсалады. Жалпы осының арқасында биыл 600 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Нәтижесінде жолдарды 72% дейін жақсартамыз», - деді О.Оразалин.