«Биыл 23 мыңға жуық халқы бар 11 ауылды орталықтандырылған ауыз сумен және 39 ауылды кешенді блок-модульдермен қамту жоспарланған. Алдымызда Мемлекет басшысының 2025 жылы халықтың 100%-ін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Дегенмен, қабылданып жатқан шаралардың арқасында бұл көрсеткішті 2023 жылы орындауды көздеп отырмыз. Көгілдір отынмен қамту мәселесіне келетін болсақ, өткен жылы 10 мыңнан астам халқы бар 16 ауылды газбен қамтамасыз еттік. Биыл 9 ауылға көгілдір отын тартып, облыстағы газбен қамтылған халық үлесін 93,4% жеткізілмек», - деді облыс басшысы.