Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының басшысы Батырхан Сарымсақов мәлімдеді.
Оның айтуынша, елімізде 2 мыңнан астам адам донор болып табылады. Олар жылына 360 мыңнан астам рет қан тапсырады.
«Ел бойынша қан орталықтарында жылына шамамен 200 мың литр қан жиналады және өңделеді. Қазір Қазақстанда 100-ден астам Құрметті донор тұрады, яғни олар өмірінде кем дегенде 40 мәрте қан тапсырған. Барлық донорларымызды құрметтейміз және оларға
мықты денсаулық, табыс тілейміз», - деді спикер донорларды мерекемен құттықтай отырып.