«Донор күні жыл сайын 14 маусымда өткізіледі. Бұл дата 2005 жылы Женевада ДСҰ-ның 58-ші сессиясында бекітілді. Осы күнді енгізудің бірден-бір себебі -  қауіпсіз қан және қан компоненттері өнімдерінің қажеттілігі туралы жаһандық хабарды арттыру, донорлық қан еріктілерінің ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне қосатын маңызды үлесін мадақтау, сондай-ақ қан құю қызметтерін, донорларын және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық және жергілікті науқандарды белсендіру арқылы ерікті қан тапсыру бағдарламаларын күшейту және кеңейту бойынша күш-жігерін қолдау болып табылады», - деді спикер.