С. Бұршақов министрге еліміздің конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумның қорытындылары мен мемлекетіміздегі саяси өзгерістердің мәні туралы хабарлады.

И. Касулидис Қазақстан халқы мен үкіметін референдумның табысты өтуімен құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кең ауқымды реформаларды жүзеге асыруда жан-жақты табыс тіледі және конституцияға енгізілген өзгерістер қазақстандық қоғамның сенімін ақтайды деп үміт білдірді.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы мәнмәтінінде тараптар Қазақстан-Кипр ынтымақтастығының үдемелі дамуы мен оң динамикасын атап өтті. Елші кипрлық компаниялардың Қазақстан нарығындағы инвестициялық белсенділігін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша СІМаралық консультациялар өткізу, бизнес-форум ұйымдастыру, жаңа шарттар мен келісімдер жобалау, сондай-ақ екі ел арасында тікелей әуе рейстер ашуды пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.