Петропавлда жаңа бройлер құс фабрикасының құрылысы басталды. Инвестиция көлемi — 2,5 млрд.тг. 80 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бұл осымен облыста салынып жатқан үшiншi құс фабрикасы. Аралағаш және Новокаменка ауылдарында биыл екi құс фабрикасы iске қосылмақ.

«Бiздiң облыстың құс етiне деген қажеттiлiгi — 8,5 мың тонна. Қазiр облыста 2,5 мың тонна шығаратын бiр құс фабрикасы бар. 3 жаңа құс фабрикасының iске қосылуы жылына қосымша 16 мың тонна өнiм алуға мүмкiндiк бередi. Осылайша, облыстың қажеттiлiгiн толық жабамыз», — деп жазды өңiр басшысы.