Аудан диқандары жылдағыдай биыл да астық ору науқанынан зор үміт күтеді. Әрине бұған мемлекетіміздің шаруашылықтарға жасаған жеңілдіктері де себеп болуда. Сонымен қатар оларға лизинг негізінде техника берілген. Жанар-жағармай, қажетті бөлшектермен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде мәселесі жыл сайын жақсарып келеді.

Егін орағын алғашқылардың бірі болып бастаған Дарбаза ауылдық округіндегі диқандар қазір алтын дәнді жинап алу үшін тынбай еңбектенуде. Егіс алқабындағы орақ науқанына 50 комбайн мен 100-ге жуық жүк көлігі қатысуда.

Биыл аудан бойынша барлығы 44,9 мың гектар жерге масақты дақылдар егілді, оның ішінде бидай – 33,4 мың гектар, арпа – 7 мың гектар, жүгері – 4,5 мың гектар.