Форум жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы қаласы, Жамбыл Қостанай, Алматы облыстарының әкімдері қатысады деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, отандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, тәжірибелік-эксперименттік және тәжірибелік шаруашылықтардың, білім тарату орталықтарының басшылары қатысады.

Форум спикерлері Ангела Кынчева атындағы университет ректоры, профессор Христо Белоев (Болгария), Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша QS аймақтық директоры Сергей Христолюбов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, К.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Рысбек Нұргазиев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ЖОО Ректорлар кеңесінің төрағасы, академик Ерлан Сыдықов, «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының» Бас директоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов және т.б. көрнекті ғалымдар бар.

ТМД жетекші аграрлық ЖОО Ректорлары кеңесінің отырысында 2023 жылғы QS бас рейтингінде жоғары позицияға ие болған Қазақстанның 16 ЖОО-на естелік белгілерін салтанатты тапсыру рәсімі өткізіледі. 

Сондай-ақ форум аясында ректорлар кеңесінің мүшелері Халықаралық жазғы магистрлік мектептің 33 елден келген 500-ге жуық қатысушыларына арнап проблемалық дәрістер оқиды.

Форум аясында Лондонда ағылшын тілінде шыққан «The Kazakh Model For a Research University», үш тілде жарық көрген «ҚазҰАЗУ – сапалы тамақтану және қоршаған ортаны дамытудағы әлемдік деңгейдегі жетекші университет», «Өнегелі өмір» кітаптарының таныстырылымы өтеді.

Басталуы – 15 маусым, сағ 09:30.

Мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғ., 8. бас корпус, акт залы

Анықтама тел: 87015596350, 87717755531