«Таулы аудандарда су тасу жағдайларының орташа мәні 42 ретке көбейді, сондай-ақ гидрологиялық құбылыстар ішіндегі мұз кептелісі, жазықтық өзендерде су өтімі аз жылдар да артып келеді. Климаттың өзгеру тенденцияларын және мұндай өзгерістердің салдарын анықтау экономиканың әртүрлі секторларының қызметін реттеуге және дер кезінде бейімделу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Отандық гидромметеорологиялық қызметі бұған бар күшін салады», - деді спикер.


Сонымен қатар, ол климаттық өзгерістердің негізгі нәтижелеріне тоқталды. 


«Қазіргі кезде Каспий теңізінің деңгейінің төмендеуі -28,43 м жетті. Ал Балқаш көлінің деңгейі 342,5 м белгісі шамасында. Балқаш көлінде шұғыл өзгерістер жоқ, ал Каспий таяздап барады. Бұл климаттың өзгеруінің салдары. Сонымен қатар адамның қызметінің нәтижесінде болып жатқан өзгерістер»,- деді Қазгидромет өкілі.