«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 43 млрд теңгеге 315 жоба мақұлданды. «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы арқылы 2,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр. Өңір осы бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша бірінші орында. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларының арқасында өндірілген өнім көлемі 47%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Биыл 5 айда ауыл шаруашылығында 200 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,52%-ға артты. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тамақ өндірісіне 5,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Биыл егіс көлемі 850 мың гектарға жетті, өткен жылмен салыстырғанда 5500 гектарға ұлғайды», – деді Ө.Шөкеев. 


Қосымша 26 гектардан астам жерге жылыжайлар салынды. Республикадағы жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысында орналасқан. Биыл жылыжайлар көлемін  1500 гектардан асыру көзделген. 


Сонымен қатар «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағдарламасы бойынша былтырдан бері 8 400 гектарға 3 000 астам жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде,  өткен жылы 3 млн тонна көкөніс жиналды, биыл 3,1тонна өнімалу жоспарланып отыр. Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру   аясында   құны   34   млрд  астам теңгеге 5 серпінді ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.