Оның айтуынша, үш жылда өңірде 400 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, қазір бұл көрсеткіш 700 млрд-қа жетті. Жалпы меже - 1 трлн-нан асыру. 


«Өнеркәсіп 1 трлн асса, ауыл шаруашылық 1,5 трлн және кәсіпкерлік 1 трлн жетсе, тұрақтылық болады. Қазіргі кезде өндірістегі бірнеше ірі жоба қолға алынды. Мысалы, Ордабасы ауданында 2 млн тонналық мұнай өңдеу зауыты бар, биыл көмірден жанар-жағармай шығаратын зауыт қолданысқа беріледі, Түлкібас ауданында цемент өндіретін зауыт, химиялық заттар шығаратын зауыт ашылады. Түркістан төңірегінде арнайы экономикалық аймақ құрып, өзбекстандық инвесторлармен келісіп, күнделікті тұтынатын тұрмыстық техника жасау бойынша зауыт салу жоспарланған. Ресейлік инвестор Келес ауданында 500 га жерге ірі жылыжай салады. Өндірістік орындар болмаса, өңір дамымайды. Сондықтан осыған басымдық беріледі», -  деді өңір басшысы.