Семинар барлық деңгейдегі экспорттаушыларға, ірі, орта және шағын бизнес өкілдеріне, салалық қауымдастықтар мен бизнес қауымдастықтарына, сондай-ақ экспорттық қызмет саласында жаңа дағдылар мен білім алғысы келетін мамандардың барлығына арналған.
Оқытуды таңдаулы халықаралық сауда саласындағы жетекші сарапшылар жүргізеді.
Семинар аясында Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында 12-ден астам тақырыптық онлайн вебинар және 3 көшпелі семинар жоспарланған.
Бұл ретте семинардың мазмұны қатысушылардың деңгейлеріне қарай бөлінеді. Бастаушы экспорттаушылар үшін вебинарларда (20-24 маусым) келесі тақырыптар ұсынылады: B2B нарығындағы келіссөздер стратегияларын дайындау және жүзеге асыру, экспорттаушылар үшін пайдалы ақпарат көздері, Incoterms жеткізу шарттары, экспорттық келісім-шарт, сондай-ақ экспорттық кедендік рәсімдер.
Экспорттық тәжірибесі бар экспорттаушылар (1-10 тамыз) үшін келесі тақырыптар дайындалды: бөлшек сауда секторындағы шетелдік жеткізушілерге қойылатын талаптар, импорттаушы елдердің (БАӘ, Сауд Арабиясы және т.б.) техникалық регламенттері, шетел нарықтарының импорттаушылар тізіліміне қалай кіру керек, Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалдауды дамыту, экспорттаушыларды қолдау құралдары: шығындардың бір бөлігін өтеу.
Жоғары тәжірибелі экспорттаушылар үшін (1-10 қараша): шет мемлекеттерде сауда кеңсесін немесе сауда үйін ашу, экспортқа ҚҚС қайтару ерекшеліктері және басқа тақырыптар қарастырылады.
Ағымдағы жылдың бағдарламасына қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://smartexport2022.qaztrade.org.kz/
Экспорттаушылар үшін білім беру бағдарламаларын «QazTrade» АҚ-да ашылған QazTrade академиясы жүргізеді.
2021 жылы Smart Export бизнес семинарына 200-ден астам экспорттаушы компаниядан 900-ден астам қатысушы қатысты. Олар 23 жаттықтырушы, халықаралық және жергілікті сарапшылардың қатысуымен 8 күндік онлайн оқыту курсынан өтті.
Өткен жылдың материалдары https://www.qaztradeacademy.kz/ оқыту порталында орналастырылған.