Іс-шараға Еуропалық сыртқы істер қызметінің (ЕСІҚ), Брюссельде аккредиттелген дипломатиялық корпустың, талдау орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті және халықаралық БАҚ өкілдері, сондай-ақ қазақстандық диаспораның өкілдері қатысты.

Қазақстанның Еуроодақ жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Тимур Сұлтанғожин іс-шара қонақтарын еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумның қорытындылары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Ол Президент Қ. Тоқаевтың Конституцияға ұсынған түзетулер пакетін қарау кезеңдері, 16 наурызда Қазақстан халқына жасаған Жолдауы мен түзетулерді әзірлеу бойынша ғалым-құқықтанушылардың арнайы жұмыс тобын құрудан бастап, 5 маусымдағы референдумда жалпыхалықтық дауыс беруге дейінгі кезеңдер туралы айтып берді.

Т. Сұлтанғожин референдум елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды саяси және экономикалық реформалардың маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті. Ол сондай-ақ референдум әрбір азаматтың Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуына мүмкіндік бергенін атап өтті. Дипломат жиналғандардың назарын Мемлекет басшысы бастамашылық еткен реформалардың іске асырылып жатқан төрт пакетіне аударды. «Бұл реформалар елдің саяси жүйесін терең демократияландыруға және жаңғыртуға, сайып келгенде, жаңа Қазақстанды құруға бағытталған», – деп атап өтті ол.

ЕСІҚ атынан сөз сөйлеген Орталық Азия басқармасының басшысы Дитмар Крисслер Қазақстан Еуроодақтың маңызды және сенімді серіктесі болып табылатынын мәлімдеді. Ол Еуроодақ Қазақстан басшылығының қоғамды одан әрі демократияландыруға және мемлекетті саяси жаңғыртуға бағытталған күш-жігерін қолдайтынын атап өтті және Қазақстанда өткен референдумды құптады. Референдумды азаматтардың басым бөлігінің құптауы, бұл халықтың Президент саясатына деген қолдауының көрсеткіші болып табылады.

Азиялық зерттеулер бойынша еуропалық институтының директоры Лин Готальс Қазақстан басшылығының референдум арқылы Конституцияға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдауының маңыздылығына назар аударды. «Бұл шешім әрбір азаматқа өз елінің болашағын құруға қатысуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол. Ол сондай-ақ еліміздің бас заңына енгізілетін өзгерістердің ауқымдылығын атап өтіп, жария етілген саяси және экономикалық реформаларды одан әрі жүзеге асыру бойынша алда тұрған үлкен жұмысты атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында аса белсенді сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті, ол еуропалық қоғамның Қазақстанда болып жатқан өзгерістерге шынайы қызығушылығын көрсетті. Жалпы, іс-шараға қатысушылар елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларды оң бағалады, олардың ауқымдылығы мен демократиялық қоғам құру ісіндегі ерекше маңыздылығын атап өтті.