Аудит барысында «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ Даму стратегиясының жоқтығы анықталды. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ға анықталған бұзушылықты жою жөнінде тапсырма берілген болатын.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылғы 6 мамырда «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесі 2032 жылға дейінгі даму стратегиясын бекітті.