«Бүгiн 100 жылдық мерейтойын облысымызға белгiлi өлкетанушы, соғыс ардагерi — Сергей Пресняков атап өтуде. Мерейтой иесiн құттықтау барысында Президентiнiң алғысын оқып, төсбелгiсiн табыс еттiм», — деп жазды өңiр басшысы.

Сергей Михайлович — елiмiздiң тарихындағы көптеген оқиғалардың куәгерi және қатысушысы. Майданда Мәскеу түбiндегi ұрыстарға қатысқан, 38-шi атқыштар бригадасының құрамында болған. Соғыстан кейiн партия органдарында жұмыс iстедi, ардагерлер ұйымын басқарды.

Ол өмiрiнiң көп бөлiгiн өлкемiздiң тарихын зерттеуге арнады. Солтүстiк Қазақстан өлкетануының дамуына өлшеусiз үлес қосты. Студенттерге өлкетану және туған өлке тарихы курстарынан сабақ бердi. Оның авторлығымен шыққан кiтаптарда құнды ақпарат көп.

«Сергей Михайловичтi айтулы оқиға — жүз жылдығымен құттықтаймын! Сiзге зор денсаулық, жақсы көңiл-күй тiлеймiн, отбасыңыз бен туысқандар сiздi жетiстiктерiмен қуанта берсiн», — деп жазды облыс әкiмi.