Жиын барысында қазақ тілін өз бетінше оқитын азаматтарға арналған Tilmedia.kz, Balatili.kz, Tilqural.kz, тіл сауаттылығын арттыруға бағытталған Termincom.kz, Emle.kz, Sozdikqor.kz сынды сайттар таныстырылды. Сондай-ақ маңызды салалық құжаттарды толтыру нұсқауларына бағытталған Qazcorpora.kz, Qujat.kz және Atau.kz веб-сайттары да назардан тыс қалмады.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар 2024 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланған жобаларды талқылады. Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаев депутаттарды дауыстық көмекші, мәтін енгізуге арналған қосымша, «Kazgramma» көпфункционалды бағдарламалық пакеті, балаларға арналған мобильді ойын қосымшалары, «Қазақ сөзі» мобильді қосымшасы сияқты пилоттық жобалар туралы хабардар етілді.