Ертең түске дейін Мемлекет басшысы Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді. Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады. Сонымен қатар Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.